Өлең, жыр, ақындар

Көлеңкемен сырласу

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1082
Қара жердің қойнына енем мен ертең,
Маған лайық жер табады кең өлкем:
Қайда барсам сен қалмайсыңжанымнан,
Келе жатсың бала күннен, көлеңкем.
Қарай ма адам дүниеге тойыммен?
Көлеңкем де бірге есейді ойыммен,
Қаз-қаз басқан кезімізден бірге өстік,
Сен де ұзардың менің өскен бойыммен.
Көлеңкеме қарап білдім еңсемнің,
Өзім қандай – саған қарап мен сендім,
Менің жастық кезім болып қыдырдың,
Менің мастық кезім болып теңселдің.
Бұл өмірдің өлшеп-пішіп парқын да,
Көлеңкемсің, қалма ізімнен, тартынба!
Күн шуаққа қарап тұрдым шомылып,
Ал, сен болсаң құлап жаттың артымда.
Қолым жетпей, қиял ұзап жеткенмен,
Ауыл аттап, арман сапар шеккеннен,
Сен жанымнан кетпей қойдың, көлеңкем,
Талай достар мені тастап кеткенмен.
Гүл боп жайнап ғұмырым да соларсың,
Бірде ұшып, бірге екен қонар шың,
Қайда барсам қалмайды екен көлеңкем,
Қабірге де бірге енетін боларсың.
Төсегінен қайта тұру – мықтылық,
Жұмыр жермен келе жатам тік тұрып,
Көлеңкем де келе жатыр ербеңдеп,
Менің тірі екенімді ұқтырып.
Қойнына енем қара жердің мен ертең,
Маған лайық жер табады кең өлкем...
Менің осы тік тұра алар арқамда
Туған жерге аунап жатыр көлеңкем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Теңіз

  • 0
  • 0

Тартылды теңіз тартылды,
Біртіндеп суы сарқылды.
Шағала қойды шаңқылды,
Қаздары қойды қаңқылды.

Толық

Адам

  • 0
  • 0

Беріліп қоңыр күйдей сазды мұңға,
Ойласам, құрық салып назды жырға.
Қаншама жақсы адаммен жолыққанмын
Осынау өтіп жатқан жаз ғұмырда!

Толық

Бұл Ақмола, Ақмола...

  • 0
  • 0

Бұл Ақмола, Ақмола..
Ұлы тарих Сан ғасырды көрген жер,
Жау-дұшпаннан талай қатер төнген жер.
Тұңғыш қазақ Президенті — Нұрсұлтан,

Толық

Қарап көріңіз