Сені іздеп шыққан жолдарым – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Сені іздеп шыққан жолдарым» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1848
Сені іздеп шыққан жолдарым,
Сезімді баптай білген бе?
Мен кімге ғашық болмадым,
Өзіңді таппай жүргенде.
Телміріп жанар тұрды көп,
Талайдың ұнап мінезі.
Өзіңді таппай бұл жүрек,
Жүз қызды сүйген бір өзі.
Өмірді ұқсам теңіз деп,
Толқыған толқын көзімін,
Ақыры тапты сені іздеп,
Жүз қызға кеткен сезімім.
Армандай жүзген кездерден,
Аяулы жар боп табыстық.
Өшіріп отты көздерден,
Жүз қызды кеттің алыс қып.
Ұмтылған сол бір жолдарым,
Сен барсың қазір бір менде,
Мен кімге ғашық болмадым,
Өзіңді таппай жүргенде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері