Жақсылыққа жаны құмар жылы өңі

Бұл бетте «Жақсылыққа жаны құмар жылы өңі» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1326
Жақсылыққа жаны құмар жылы өңі,
Шуақ тектес болғасын ба жүрегі,
Ауыл біткен қария деп құрметтеп,
Жүрегі оның дария деп жүреді.
Мойындамай қартайғанын шалмын деп,
Талай іске табан тіреп барды үндеп.
Қуанады аулаларды көгертсе,
Болашағы жатырғандай сан гүлдеп.
Жастық шақты жалын отқа арнап ек,
Тілемеймін керек емес жанға леп,
Демалғым да келмейді деп жүреді,
Көп ұйықтайтын уақытым алда деп.
Мектептегі бал-бөбектер мекені,
Сол ауладан шыға алмайды екі елі.
Ұрпақтардың болашағын ойлаумен,
Қуанады, қайғы ұмытып кетеді.
Жатады әр кез нұры тұнып ісінде,
Кілтсіз бірақ сыры —
құлып ішінде.
Балалықтың ауласынан шықпайды ол,
Қартайғанын ұмытуы үшін де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақсылыққа жаны құмар жылы өңі өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Жақсылыққа жаны құмар жылы өңі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жақсылыққа жаны құмар жылы өңі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жақсылыққа жаны құмар жылы өңі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері