Күндердің күні болғанда – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Күндердің күні болғанда» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1363
Күндердің күні болғанда,
Тосқауыл түсіп жолдарға.
Өрт шалғанда орманға,
Бір Құдайға сыйынып,
Құлдық ұр жайып қолды алға!
Күндердің күні болғанда,
Аптапта ыстық тоңғанда,
Құдайға сыйын толған да,
Жеткізбес жүйрік өмірде,
Адамның көңілі толған ба?!
Жолаушы болсаң – жол қамда,
Қолбасшы болсаң – қол қамда.
Осынау Ұлы жолдарда,
Кім екенін кім білер,
Күндердің күні болғанда!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері