Кел, Жаңа жыл – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Кел, Жаңа жыл» атты Шөмішбай Сариев жазған мерекеге арналған өлең берілген.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 965
Кел, Жаңа жыл, жыл құсындай самғап кел,
Арманымдай айтылмаған әнді ап кел,
Қайғырғынның қайғы-мұңын ұмыттыр,
Қуанғанның қуанышын жалғап кел!
Берме жанның біріне де ақырет,
Жақсыларды жақсыларға жақын ет,
Дүниеге таңқалатын балаша,
Адамдардың бәрін бір сәт ақын ет!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері