Лондонның көпірі – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Лондонның көпірі» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 820
Қандай жұмақ нұр бар ең,
Қандай жұмбақ сыр бар ең.
Лондонның көпірі –
Таңырқаған күллі әлем!
Арбайтындай жанарды ап,
Жатқандайын ғаламды ап,
Лондонның көпірі –
Таңырқап тұр Адамзат!
Арылса егер сорынан
Адамдардың жолынан,
Бір Алласы қолдаса,
Не келмейді қолынан!
Адам біткен елбектеп,
Табынады жер-көк деп.
Тастан шілтер тоқиды,
Әрбір тасын өрнектеп.
Тәңір сыйлап оқыды,
Адам да – Алла өкілі.
Құдіретін танытқан,
Лондонның көпірі!

20-21 шілде 2012 жыл
Лондон шаһары


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері