Менің демоным

Бұл бетте «Менің демоным» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 905
Жамандық - оның тілері,
Бірге ұшып бұлтпен мұңданған.
Қатерлі дауыл сүйері
Ақ көбік толқын, шулы орман.
Желге ұшқан сары жапырақтың,
Түр арасында тағы оның.
Үстінде өзі сол тақтың,
Түйеді үнсіз қабағын.
Көңілге күдік тастайды,
Сенбейді асыл арманға.
Тілекке құлақ аспайды,
Сескенген емес қаннан да.
Жаныңның жақсы әуенін,
Тастайды басып ол тағы.
Жалт еткен шабыт бөбегі,
Сұп-суық көзден қорқады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің демоным өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Менің демоным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің демоным өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің демоным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері