Баллада

Бұл бетте «Баллада» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 1013
(Байроннан)

Мекендеп Бургос жолын жүр деседі
бір сопы дара, тағы.
Күбірлеп тек құдаймен тілдеседі
еске алып садақаны.
Маған деген тағдырдың
Бар сыйлығы бар мұнда.
Жазған сөзің бар онда,
Ұрлап алдым мен өзім.
Сол қағаздың жолында
Бар азапқа төземін.
* * *
Бітті бәрі! Ештеңе жоқ баянды,
Қоштасатын күн де бүгін таянды.
Азабы мол ажырасар келді сәт,
Көңілімде қасірет те қат-қабат!
Шіркін, алғаш мен кезіккен кезімде,
Түскенде көз сенің нұрлы көзіңе,
Байқамаппын күннің былай өтерін,
Ажырасар азапты шақ жетерін.
Бәрі бітті! Сенің әсем даусыңды
Естіп қуат алатын күн таусылды.
Енді жұрттан бөлек кетіп, кеш қалам,
Сөйтіп сені жылаймын да... еске алам.
***
Қош бол енді! Осы айтылған сөз енді,
Мына менің жүрегімді езеді. –
Қош бол! - деген азабы мол алты әріп,
Мен байқұстың өртеп өтті-ау өзегін!
Мөлдір көздер мазамды алып күрсіндім,
Айрылысарға жаралдық па... білсін кім?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баллада өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Баллада өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баллада өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Баллада өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері