И...ге

Бұл бетте «И...ге» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 609
Алдамшы түске арбалған
Кезімде мынау шерменде
Безінген жандай жалғаннан
Кетсем мен түстік елдерге,
Тілдерін сұғып кекесін,
Салса жұрт мені зар-мұңға,
Қорғаныш болар ма екенсің
Қатігез жандар алдында?
Қорғашы!.. Жастық шақ үшін,
Құтқаршы өсек-желдерден.
Ант етші! Шаттық ағылсын,
Кетпесін мәңгі кеудемнен.
Айтайын шаттық куәсі –
Жүрегім елде қалды деп,
Кешіріп жастық кінәсын,
Қайғыма мейірі қанды деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

И...ге өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

И...ге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

И...ге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

И...ге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері