Елена әулие – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Елена әулие» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 952
Еске алайық аралды қияндағы:
Жағасында көңілі ойран-ботқа
Наполеон әр мезет қиялданып,
Франция туралы ойға батқан.
Теңіз ұлы, теңіздің жиегінде
Қалды молаң - қарымта жаралады.
Опасыз ел ұлының сүйегін де
Өз қойнына алуға жарамады.
Алған одан тағдыр да, өмір де өшін.
Бір басында қасірет жатыр қанша!
Әруақсыз да әулетсіз ғұмыр кешіп,
Жеңілсе де өлді ол батырларша!
Өте шыққан құйындай толы жынға,
Ол тағдырдың кездейсоқ ағаты ма.
Өгей еді өмірге, түгел жұмақ:
Шырқаған күн, жер болған сағаты да!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері