Аспан мен жұлдыздар – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Аспан мен жұлдыздар» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 1175
Тұп-тұнық түнгі аспан,
Алыста жұлдыздар ымдасқан
Сәбидің жанындай мөп-мөлдір
Бақытым сияқты айқын деп,
Ой келер маған да көктен бір.
Неліктен мұңдысың? –
Таңданар солай деп мың кісің:
Аяулы жұртым-ау, алаңмын,
Жұлдыз бен Аспан ғой армансыз –
Мен болсам жай ғана адаммын...
Жердегі пенделер
Қызғаныш дертіне дем берер,
Түңілем. Тартады мөлдір көк.
Қызыға қараймын сол жаққа
Жұлдыздың орнында болғым кеп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері