Өлең, жыр, ақындар

Сағат тоғыз, күңгірт тартқан кез еді

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 449
Сағат тоғыз, күңгірт тартқан кез еді,
Қамал жақтан бес үй елес береді.
Төмпешікте мүлгиді ұзын күнәкар,
Әлде неден дәмеленген ниеті бар.
Аспан ашық, жаңбыр жауар түрі жоқ,
Қала ұйқыда әлгі адам күтті көп
Москвадай берекелі алыпта,
Екі үйдің әйнегінде жарық бар!
Келді біреу күймеменен аулаға,
Қосшысының сақалы ұқсас қауғаға.
Қос қара атты түсті жігіт күймеден,
Қара плащ иығында мүлде кең.
Сықыр етті ашқанда есік тал шарбақ,
Табанында жатты тақтай қалтылдап.
Бұзбады ол көршілердің ұйқысын,
Ашылды есік, көрінді ішке бір мүсін.
Жанды шырақ таныды оны қыз замат,
Бөлмеге ішкі кірді жалғыз жігітті ап.
Жез шам залда жанған шырақ өшерде
Куә боп тұр құпия сыр кешердей.
Түсті сәуле керуетке әдемі -
Көптен бері болған әркім дәмелі.
Екі дидар шар айнаға түсті анық,
Жарда тұрды сурет бейне сұстанып.
Арманындай оңтүстіктік сәбидің,
Осынау қыз тамаша еді табиғи.
Уыз төсті, бұраң белді қызды бұл
Суреттеуге жетер ме екен қызыл тіл?
Жетер ме екен нәркес кезін айтарға,
Сұлулықты іште жатқан байқарға?
Бал-бұл жанған гүл еді оның реңі
Рафаэль суретінің бірі еді.
Он сегізге жасы толған кезінде,
Іңкәрліктің оты бар-ды көзінде.
Махаббатқа жерік болған уыз төс,
Кешпекші еді күнәны бір ерте кеш.
Бар байлығы жалғыз көркі болғасын,
Бойын қалай ләззаттан қорғасын.
Қаламады күйеуге ол шығуды,
Жасын қымтап қыз құмардан бұғуды.
Бәлсінетін қу қыздарға ол ермеді
Әуре етіп қызықшылды көрмеді.
Бір қыз сүйер көп жігітті,
бір қыз сүйер біреуін,
Бұл қыз білмес кімге табан тіреуін!
Әйел затқа менің қояр бар шартым:
Қарсы аласың мені бірден ақ жарқын.
Ләззатқа тойындырып ұйықтайсың,
Бірақ менің денеме дерт жұқпасын.
Бөлтірігі Парнидің бұл ізетшіл,
Шешті киім, сүйіп қызды қатты тіл.
Отырды да шетіне кеп төсектің,
Деді: қане, титық құртпай тез шешін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Портреттер

  • 0
  • 0

Ажарсыз һәм орта бойлы,
Көз ғана ойнар нұр балқытып.
Бала күнге тартады ойды
Маңдайында тұрған тыртық.

Толық

28 қыркүйек

  • 0
  • 0

Неше мәрте толғандырды осымен
Көзің нұрдан жаралған.
Сенің үнің салды менің есіме
Қымбат жанды жер алған.

Толық

Үн

  • 0
  • 0

Не деген үн! Тыпыр етпей тыңдаймын,
Баурап алды-ау сезімді.
Бүкіл әлем естен шығып мұндайда
Ұмытамын өзімді. Құдіретті үн!

Толық

Қарап көріңіз