Баллада – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Баллада» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 855
(Немісшеден)

Қақпадан шығып үш батыр сап түзеп ұзап барады,
жалған-ай!
Үш сұлу үнсіз көз сүзіп, соңынан ұзақ қарады,
арман-ай!
Соғысып олар майданда қан төкпек енді бекерге,
жалған-ай!
Сұлудың махаббатында тұрлау болмайды екен де,
арман-ай!
Әнекей, басқа үш батыр қақпаға таяп келгені-ай,
жалған-ай!
Шер-мұңы тарқап қыздардың құлпырып сала бергені ай,
арман-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері