Үміт етсең сен егер – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Үміт етсең сен егер» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 732
Үміт етсең сен егер
Бәріне батыл сене бер.
Алдамасын, алдасын,
Күте берсін алда сын.
Жалынды жас өндірге,
Тап кезіксең сен бірде.
Қош айтысар күнде де,
Сырыңды ашпа, үндеме.
Бәрі жоққа саяды,
Үміттің жоқ баяны.
Қоштасу бір мұң жатқан,
Қасіреті мың батпан.
Саған мынау сырды ашам:
Бақытыңды бұлдасаң,
Бөліп бердің несіне?
Аулақ неге жүрмедің,
Түсті ме енді есіңе?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері