Бір досыма – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Бір досыма» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2254
Өңештен өткендерді, ас қыласың,
Жетпейді, төрт тарапқа қос құлашың.
Жақсы сөздің, нәрімен сусындатып
Жамандықты зәріңмен, басқа ұрасың!
Бір де көктем, бір де қыс, мінезің бар,
Заманнан,
Ойып алар - үлесің бар.
Сұрамаған - ауызға,
Атымтай жоқ
Теп - тегін қолдағысын бере салар!
Көрдік қой, талай молда - Пірәдарды,
Аударған айлап, жылдап - Құрандарды.
Олар да жең ұшынан жалғасады.
Алла атымен қорқытып - Адамдарды!
Жасайды, тұрмыс билеп - жасамасын,
Шығарар - әкесінің жаназасын.
Кетсе де, теріс айналып,
Қу тіршілік -
Қос саусақ арасынан қарамасын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері