Жастыққа сағыныш

Бұл бетте «Жастыққа сағыныш» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 783
Бойыңа қулық жұқпаған —
Аңғалдау ғана адаммын.
Бұралқы ойлар ықтаған
Обадай, жалғыз, жаһанның.
Сезімнің шолып айдынын,
Жырақта қалса қайғы, мұң.
Анаша тартқан аурудай —
Жұмақтай сол кез жай күнің.
Қайдасың жерік-жүрегім —
Сағыныш сазы тұнатын?
Арманда еді тірегім,
Асқарда еді мұратым!
Сағындым тұнық-сезімім —
Әлемге сүйе қараған.
Шуағы мұңсыз көзіңнің
Мейір боп қана тараған.
Іздеймін жоқшым-сағыныш
Махаббат маған шақырған.
Қиялға елес табынтып,
Дәметкен достық пақырдан.
Жоғалдың қайда сенім, сен?
Құшақты досқа толтырған.
Бұ күнде іздеп емінсем
Бірі жоқ, бірі антұрған.
Ағыңнан неге жарылдың,
Аңсайсың нені қағынған?
Сәттерді неге сағындың,
Ойларға нәрсіз табынған?
Алжыма қартым, ой төгіп,
Аздау ғой асыл шашарға.
Тереңдеп кетсе шымырау
Тұнықтау нәрі қашанда.
Пайдасыз деме сандықты —
Болмаса кілті ашарға
Жыр менен атқан таң — құтты,
Маржанын маңға шашарда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жастыққа сағыныш өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Жастыққа сағыныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жастыққа сағыныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жастыққа сағыныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері