Жаңа ел – Гульнази Назарова

Бұл бетте «Жаңа ел» атты Гульнази Назарова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Білмеймін болашақтан не күтерімді,
Сонда да үзбеймін күдерімді.
Жаңа ел, Жаңа Қазақстан боламыз деп,
Жатырмыз дамытып елімді.

Үмітім үзілмейтін асау арман,
Игі істер де жасалынып жатыр жалғасқан.
Тоқтамай, толастамай жүре берсін,
Әлемге паш етейік Жаңа Қазақстан.

Болсын әрқашан мақтанышым,
Халықтың әр ісі алға бассын.
Елімнің ертеңіне сеніммен қарап,
Айтылған әрбір сөздер жалғасын тапсын.

Болайық бай мемлекет,
Таңданыссын елдер шет.
Халық үшін жасалынсын ,
Жағдайлар бір керемет.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар