Өлең, жыр, ақындар

Алыс шақырымдар

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 939
Алыс шақырымдар...
Алыс шақырымдар... –
төзетiн аяз, аптабым,
баратын өлке, жондарым,
қиналып шығар соқпағым,
ұйқысыз темiр жолдарым.
Шақырымдар,
шақырыңдар.
Зымырап ұшқан шағымда
жерiм бар болса ашпаған,
мен зулап келе жатқанда,
ақ жолақ шлагбаумдар,
жолымды кесiп тастама...
Жетейiн алып-ұшып мен,
өтейiн сансыз өткелден, –
бәрiнен қолды үзiп мен
пойызбен, кеме, таксимен,
ақиық самолеттермен.
Сапар қып жылдың сан айын,
жыр сыйлап жас пен қарттарға,
аялдамаларға барайын,
қонайын аэропорттарға.
Шақырымдар,
шақырыңдар!
Сананы сансыз жұлқылап
жарылар сел боп ағынан,
ұшайын жұмбақ, құпия
жырлардың жұлдыздарына.
Шақырымдар,
шақырыңдар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ендi қайтпекпiн?

  • 0
  • 0

Мен дәл қазiр
Кұлдық заманы көмген
Көрден шығып кеткен
Өлiкпiн!

Толық

Күмән мен күдік

  • 0
  • 0

Бұрын мен
Күмәнға жат едім.
Бұрын мен
Күдікке қас едім.

Толық

Төзім

  • 0
  • 0

Уақыт-ай,
Менен қаншама рет! –
Сырт айналып бездiң.
Темiр екенмiн!

Толық