Сөйлей алмай, жаншылып зiл батпанға

Бұл бетте «Сөйлей алмай, жаншылып зiл батпанға» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 771
Сөйлей алмай, жаншылып зiл батпанға
ақтарылмай кеудеде сыр жатқанда:
еңсенi езiп тұнжырап ертелi-кеш
күзгi түндей ап-ауыр мұң батқанда;
Жосылтқанда өмiрдiң сойылы ұрып
қалған кезде намысым майырылып;
немесе бiр немкеттi бос сөз үшiн
жалғыз қалсам досымнан айырылып;
жабылғанда бәрi кеп қамап, езiп
таба алмасам шығатын, жабар есiк –
табиғатқа армансыз айтайын деп
кетем үнсiз тау кезiп,
дала кезiп.
Жатпастан-ақ жаныма кiнә тағып
шалғынға орап алдына ол құлатады –
желi келiп көзiмнiң жасын сүртiп,
жапырағы сипалап жұбатады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөйлей алмай, жаншылып зiл батпанға өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Сөйлей алмай, жаншылып зiл батпанға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөйлей алмай, жаншылып зiл батпанға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сөйлей алмай, жаншылып зiл батпанға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері