Бiздер үшiн таусылған жоқ әлi күн – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Бiздер үшiн таусылған жоқ әлi күн» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 892
Бiздер үшiн таусылған жоқ әлi күн,
таусылмаса бiтпегенi жарығың.
Өмiр қысқа деп ойлайды –
кiм болсын –
жиырма, мейлi,
жүз жасасын бәрi бiр.
Жазылмас ед тiрлiк жайлы өлең де,
суыр едi, махаббат та денең де.
Өзге түгiл,
өзi үшiн күреспес
өмiр ұзақ деп ойласа егер де.
Өмiр қысқа болған соң ба,
арқамыз
ауыр жүктен қайысқанша артамыз.
өмiр қысқа.
Сондықтан да тiршiлiк
алыс-жұлыс,
шалыс-шайқас,
арпалыс.
Содан ба екен бiр жалыңдап, бiр өшiп,
жатыр бәрi тайталасып, тiресiп, –
жүйрiктердей жүз метрге жүгiрген
секундтардың бөлiгiнде күресiп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері