Өлең, жыр, ақындар

Мен құйттаймын

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 588
Мен құйттаймын,
Ерiк берiп сабырға
биiксiң деп, алыпсың деп жаңылма.
Қиыршық тас,
бiр түйiр дән,
тамшымын –
тау мен дала,
мұхиттардың жанында.
Маған басқа теңеу iздеп шашылма,
өзiңдi алдап,
менi де алдап тасынба.
Мен құйттаймын.
Көзге iлiнбес атоммын
Жер шарының қасында.
Құйттай,
бiрақ ол да жылап күледi,
оның да бар ой-арманы, тiлегi.
Көзге iлiнбес сол атомның соғып тұр
кеудесiнде көзге iлiнбес жүрегi.
Ол да өзiнше қонып,
қайта ұшып тұр.
Ала алмайсың бiрақ оны үзiп бiр, –
өйткенi оның мың-миллион талшығы
туған жердi құшақтап тұр, қысып тұр.
Мейлi мұны түсiн өзiң, түсiнбе,
тек әйтеуiр бағамды сен түсiрме, –
қайталанбас тiршiлiк бар,
ғұмыр бар
көзге iлiнбес сол атомның iшiнде!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біліп келемін

  • 0
  • 0

Ұзақ жол жүрдiм
Арып-ашыдым.
Жадап-жүдедiм.
Жасыдым...

Толық

Әй, қорлық-ай!

  • 0
  • 0

Менiң алып Далам
Бiреулердiң
Күндiз күлкiсiнен,
Түнде ұйқысынан айырған.

Толық

Әурешілік

  • 0
  • 0

Бетiн жұлар қарсы келсе беттеп кiм,
Мына заман заманы ма көкбеттiң?!
Салатұғын әуре менен сарсаңға
Өнбейтiн дау, өнбейтiн сөз көп боп тұр.

Толық

Қарап көріңіз