Тербетiп бау мен бағымды – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Тербетiп бау мен бағымды» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 698
Тербетiп бау мен бағымды,
соғатын шалқып, толқып бiр
желiнен күздiң сабырлы
алманың иiсi аңқып тұр.
Көз тiгiп түпсiз көгiме,
оранам сары шалғынға,
Сабырлы күздiң желiнен
шығады иiсi нанның да.
Сонан соң үйге келем мен,
күбiрлеп жырдың тармағын, –
күз желi сiңген денемнен
иiсi аңқыр нан мен алманың.
Табасың бiр ой тереңнен,
сол ойды ұштап жанисың.
Күз желi сiңген өлеңнен
аңқиды алма, нан иiсi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері