Жазар кезде өлеңдi – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жазар кезде өлеңдi» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 553
Жазар кезде өлеңдi
тылсым жұмбақ күш кернейдi денемдi.
Бар айналам толып кетер жарқылға.
Дәл сол сәтте секiрсем
көк теңiзге мен егер
айналар ем ақ жал алып толқынға.
Өз-өзiмнен қайралып,
от боп жанам отыра алмай жайланып.
Дәл сол сәтте соқтығыссам бұлтпен
кетер едiм найзағайға айналып.
Дәл сол сәтте жүре аламын жолдарсыз.
Желге айналса сол күшiм
алау-алау болып бiр
ормандармен алысар ем армансыз...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері