Өлең, жыр, ақындар

Қулық

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 552
Тiлi — түбiт —
сұғатұғын бiзi жоқ,
өрттей ыстық,
қаритұғын мұзы жоқ,
су үстiнен жүргендей-ақ бейне бiр
соңында оның қалатұғын iзi жоқ.
Кетпейдi ол қопарылып сынып та,
мың бұралып солқылдайды шыбықтай,
көтерiлiп көрсетпейдi жұдырық,
көтерiлiп көрсетпейдi иық та.
Дей алмайсың бiрден оны сеземiн,
ол өйткенi көрсетпейдi өзегiн.
Жылып қана тұрар саған
сөзi оның,
күлiп қана тұрар саған
көзi оның.
Сала алмайсың оны даттап талқыға.
Талқыға сен саламын деп тантыма.
Көктайғақты төсеп тастай алады ол
көрсетпестен алдың менен артыңа.
Әлдене айтып жыламсырап жеткенде,
қорғап оны түсесiң ғой көк терге.
Бармақ тiстеп, санды бiрақ соғасың
орға жығып кеткенде...
Құйрығыңды бұлғаңдатып,
құбылып,
Түлкi-қулық!
кеттiң қанша құтылып.
тұзағымнан шығып кеттiң —
жұлынып,
Тұзағымнан шығып кеттiң —
сытылып.
Түлкi қулық!
құтқармаймын түбiнде,
ендi маған жылмаң қағып бүгiлме.
Түтiн салып тұншықтырып мен сенi
үстап алам iнiңде.
Ұстаймын да құтыңды бiр қашырам.
Ақиқаттың ақ кездiгi ашылар...
Басқа қулық қашсыншы деп
мен сенi
тымақ қылып киiп алам басыма.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күздегі құлазу

  • 0
  • 0

Өтіп кеткен секілді
Жалынды өрт күнім.
Жаным жаралы,
Дерттімін!

Толық

Жапырақтарын шашады

  • 0
  • 0

Жапырақтарын шашады
қайыңдар жел кеп қаққанда, –
көктем мен жаздың жасауын
үстiнен шешiп жатқандай.

Толық

Керуендер

  • 0
  • 0

Хабар тартып қиырлардан, ғаламнан,
хабар тартып кенттер мен қамалдан
керуендер келiп жатқан далама,
керуендер кетiп жатқан даламнан.

Толық

Қарап көріңіз