Көктем неге жатыр екен кешiгiп?!

Бұл бетте «Көктем неге жатыр екен кешiгiп?!» атты Темірхан Медетбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 587
Көктем неге жатыр екен кешiгiп?!
Қарай берем түстiк жаққа тесiлiп.
Той-думанын, тiршiлiгiн бастамай
көктем неге жатыр екен кешiгiп?!
Ызғар қысып тұр ғой жерден, көктен де.
Тiршiлiксiз тау мен дала, бөктер де.
Кешiксе де жылдың басқа мезгiлi
кешiгуге болмайды ендi көктемге.
Кешiккенi несi екен бұл «құрғырдың»
Жүрегiмдi ызғары ұрып тұр мұңның.
Бiр махаббат тамыр салып үлгермей,
бағы ашылмай қалар ма екен бiр гүлдiң.
Тойға ұласар күндерiмдi той қылмай,
көктемсiз мен қалай жүрем қайғырмай.
Айтылуға тиiстi сөз көктемде
қалар ма екен,
қалар ма екен айтылмай.
Алтын күрек соғатұғын есiлiп,
қарай берем түстiк жаққа тесiлiп.
Қырға шығып бiлейiншi мен ендi
көктем неге жатыр екен кешiгiп?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем неге жатыр екен кешiгiп?! өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Көктем неге жатыр екен кешiгiп?! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем неге жатыр екен кешiгiп?! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем неге жатыр екен кешiгiп?! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері