Өлең, жыр, ақындар

Қиын шақ

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 674
Дүниенi
Түстеп-танып
Ұға алмай жатырмыз
Кеңес Одағының
Ми батпағына
Кеңiрдектен батқан екенбiз –
Ұмтылып
Шыға алмай жатырмыз.
Бiреулер одан сайын
Төбемнен басып,
Иығыма мiнiп тұр.
Үмiтiмдi
Жiптей қырқып,
Тiлегiмдi
Таспадай тiлiп тұр.
Басымды –
Күлi бұрқырап жатқан –
Ошағыма
Қайтадан тыққысы келедi.
Бiреуi шығысқа,
Бiреуi батысқа,
Бiреуi терiскей,
Бiреуi түстiкке
Тартқысы келедi.
Мама бие дей ме екен?!
Бұттарын
Қазақстаныма
Артқысы келедi.
Лағынет атқырлар-ай!
Әбiлет қаққырлар-ай!
Iсiмдi
Тындыра алмай жатырмын.
Тiлiмдi,
Сындыра алмай жатырмын.
Бiрде сөгiлiп,
Бiрде өрiлiп тұрмын.
Осы бiр кезеңнен
Өтiп кетемiн деп
Атымды қамшылап
Тебiнiп тұрмын.
Бiреулер –
Өлексеге тойған иттей
Жүндерi жылтырап –
Семiрiп жатыр.
Бiреулер –
Жоқшылықтан! –
Өз сүйегiн өзi
Кемiрiп жатыр.
Бiрде –
Салмағы жоқ! –
Ұранның iшiнде жүргендеймiн.
Таласып кетпесем игi едi.
Бiрде –
Бағдары жоқ! –
Тұманның iшiнде жүргендеймiн.
Адасып кетпесем игi едi.
Осы бiр кезеңнiң
Көктайғақ белеңi-ай!
Осы бiр кезеңнiң
Ақ түтек әлегi-ай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шаршау

  • 0
  • 0

Мен қазiр
Әлдекiмдермен күресе-күресе –
Таудың басына
Тас арқалап шыққандай –

Толық

Бүгінгі қазақ кедейі

  • 0
  • 0

Кеудесi қан,
Жұтқаны шаң,
Отызда шал,
Қырықта сал,

Толық

Кешегі күн қасіреті

  • 0
  • 0

Өзгенi айтсам
Қол жетпейтiн
Аспан мен таудай еттiм.
Өзiмдi айтсам

Толық

Қарап көріңіз