Түрме – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Түрме» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 733
Елiмнiң үстiне
Елдердi көшiрiп төктi.
Ерегесiп ем
Өшiгiп кеттi.
Қолымдағыны
Тартып алып iштi.
Аузымдағыны
Қарпып алып асады.
Ұлт пен ұлтты
Араластырып бұлғап,
Даламды алып астау қып
Қойыртпақ жасады.
Тiлiмдi бұзды.
Дiнiмдi үздi.
Өлiп жаттық тiл қатпай.
Өлiгiмiздi
Сүйреп тастады
Ит тартқан тулақтай.
Өз елiм өзiне
Кiрме болды.
Түрмелердiң
Арғы жағы да түрме,
Бергi жағы да түрме болды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері