Өлең, жыр, ақындар

Талқы

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 989
Өткен заманда –
Елiмдi –
Тауға апарып бiр соқты.
Тасқа апарып бiр соқты.
Дүниенi жын соқты.
Қанын сорды.
Жалаңдаған орағымен
түп-тұқиянымен орды.
Асты, атты.
Қалғандарын
Балғасымен ұрып
Еменнiң көзiне сiңiрiп
Шеге етiп қақты.
Елiмдi –
Зорлық пен зомбылық! –
Қолындағы ұршық қылды.
Доңыз сарыған
Суға тығып
Тұншықтырды.
Апыр-ай!
Тау-тасқа соққанда да –
Ондырмай соққан екен –
Әлi күнге
Есiмдi жия алмай отырмын.
Жасымды тыя алмай отырмын.
Орғанда да
Түбiмнен орған екен
Қаулап
Кете алмай тұрмын.
Бүгiнiмдi ертеңге
Жалғап
Кете алмай тұрмын.
Жан-жағыма
Бұрылмай жатырмын.
Еменнiң көзiне –
Қаққанда да! –
Сiңiрiп қаққан екен
Суырылмай жатырмын.
Көзiме
Жас алып тұрмын.
Тұншықтырғанда да –
Буындырып
Тұншықтырған екен! –
Жөндеп сөйлей алмай
Тұтығып, шашалып тұрмын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көшелер

  • 0
  • 0

Үстiне көкпеңбек
асфальт төсеген
өзендер сияқты
ағады көшелер.

Толық

Ынжық

  • 0
  • 0

Кетiп тiрлiк кетеуi
Мың құлатып, мың жықты...
Жыным қозып кетедi
көрсем осы ынжықты.

Толық

Үйлер

  • 0
  • 0

Замананың рух күшiн ашқандай,
үйлер, үйлер көтерiлiп аспанға
сөйлеп тұрар құдiреттi үндермен
бетондармен жазылған бiр дастандай.

Толық

Қарап көріңіз