Қожанасырдың есегі – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қожанасырдың есегі» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 759
Қожанасыр о баста-ақ
Құйтырқы айласы көп
Есептi бiлген.
Бiлген де
Ат пен түйенi емес,
Есектi мiнген.
Мiнем десе,
Мiнетiн көлiк көп қой.
Бiрақ та
Есектей малғұн,
Есектей топас,
Есектей арам
Жануар жоқ қой.
Қожанасыр –
Қара тастай қансыз,
Кепкен ағаштай жансыз
Надандықты мазақтап
Күлiп жүрген.
Сондықтан да
Сипағанды бiлмейтiн,
Жетегiне жүрмейтiн,
Айдауына көнбейтiн –
Дүниенiң өзiндей миғұла
Есектi – әдейi! –
Мiнiп жүрген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері