Атылған арқар

Бұл бетте «Атылған арқар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1080
Ай-күннiң аманында,
Ел бүтiн, жұрт тынышта,
Ақар-шақар таудың iшiнде,
Жақпар-жақпар
Жартастың үстiнде —
Кеудесiн керiп
Шалқайып тұрған,
Талыстай танауымен
Қорқыратып иiс тартып,
Дүниенiң
Төрт бұрышын басқандай
Талтайып тұрған
Арқар атылды.
Тау қозғалды,
Көл толқыды,
Жел жылады, —
Дүние аһ ұрды.
Мұндай үкiмге
Не үшiн кесiлдi?
Биiктегi бұлттарды
Мүйiзiмен қозғап,
Шайқайтыны үшiн бе?
Сол бұлттар iшiндегi
Жасынның өзiн
Жасқап-жайқайтыны үшiн бе?
Өзiн-өзi
Бiр тастан бiр тасқа
Лақтыратыны үшiн бе?
Сол биiкте тұрып ап
Бәкене тiрлiктiң басына
Бұтын керiп
Шаптыратыны үшiн бе?
Шаң түгiлi,
Тозаң қонбайтын
Шүйгiндердiң өзiне
Тандап түсетiн;
Мөлдiр бұлақтардың өзiн
Талғап iшетiн —
Қайран арқар!
Жартас үстiн қанға бөктiрiп
Дара жатыр...
Қолдағы қаптары далақтаған,
Пышақтары жалақтаған
Қорқау қомағайлық —
Есi шығып,
Елiре ұмтылып —
Өлген арқарға
Бара жатыр...
Дүние деген осы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Атылған арқар өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Атылған арқар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Атылған арқар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Атылған арқар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері