Бүгінгі көрініс

Бұл бетте «Бүгінгі көрініс» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 810
Қазақстанның денесiн
Қаптаған сөздер
Талап жатыр.
Таланған жерлерi
Сорғалап қанап жатыр.
Қазақстанның денесiн
Ит-сөздер
Талауда.
Қазақстанның денесiн
Бит-сөздер
Талауда.
Ит-сөздер
Абалап үрiп
Жанын салуда;
Бит-сөздер
Қадалып кiрiп
Қанын соруда.
Ит-сөздер
Қазақстанның
Ең бiр жұмсақ жерiн
Жалбыратып ойып алыпты.
Бит-сөздер
Қазақстанның
Қып-қызыл ыстық қанына
Iсiнiп тойып алыпты.
Қайран Қазақстан
Таланып жатыр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бүгінгі көрініс өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Бүгінгі көрініс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бүгінгі көрініс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бүгінгі көрініс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері