Дертті уақыт – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Дертті уақыт» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 585
Бүгінгі тірлік
Жанымды
Жаралап тілгендей:
Қатерлі бір дерт
Албасты түріне еніп
Елімнің ішін
Аралап жүргендей.
Соның демінен шыққан
Мүңкіген бір иіс
Айналаны
Алып барады.
... Әбден қажыған
Қайран тіршілік
Ауық-ауық
Талып қалады...
Оның бүгінде
Айығып кете қойуы
Арманды сағым боп тұр.
Әйтеуір дәл қазір
Уақыт ауасы—
Кім- кімге де! –
Аурухана ауасындай
Ауыр боп тұр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері