Биік үйлерге қарап – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Биік үйлерге қарап» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 767
Көк тіреген
Шыңдардың бәстесіндей
Биік- биік үйлерім
Есеп шешетін
Торкөз дәптердің
Сыртқы бетіндегі
Көбейту кестесіндей.
Үстінен будақтап
Ойдай ап- ауыр
Бұлттар көшеді...
Мына заманда
Олардың жетеді
Қым- қуыт тірлігі,
Қым- қиғаш есебі.
Білеміз бәріміз:
Осынау үйлерде
Жатыр ғой қаншама
Тірліктің дүрмегі.
Бүгінде олардың
Өмір, тағдыры
Күрделі есептерден де
Күрделі...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері