Тартыс туралы – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Тартыс туралы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 705
Білесің,
сені
Өмірдің тартысында
Боксерлер мен штангист,
Палуандар сияқты
Таразыға тартпайды.
Дауылды күнгі
Теңізге кіргендей
Аласапыран тартысқа
Бірден кіріп барасың!
Бір ғана демеу:
Әділдік бар ғой деп
Рухтанасың!
Мұздай қатайып,
Тастай түйіліп,
Қырандай шүйіліп,
Аллаға сиынып
Беттейсің...
Бірақ бәрі- бір
Жеңіске жетпейсің.
Егіліп, сөгілесің—
Жеңсең де, жеңілесің!
Өйткені мен оның
Талайын біліп,
Талайын көріп
Қан жылап жаттым ғой...
Өйткені бүгінде
Әділін айтар
Төреші дегенің
Сатқын ғой!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері