Өлең, жыр, ақындар

Ахмет Байтұрсынұлына арнау

Қазақ үшін қасиетті есімің,
Аштыңыз сіз білімнің үлкен есігін.
Мойымадың, талпындың тек алдыға
Тигізсе де, баз біреулер кесірін.

Мақтанышпен еске алар сізді бәрі ел,
Қалыптастыру болды ойыңыз елді кемел.
Қазақ үшін аянбаған ісіңізге,
Сіздегі асқақ даңқ пен атақ дәлел!

Алғаш жазып оқулығын қазақтың,
Алдын алып сауатсыздық , азаптың.
Берілмейтін, жеңілмейтін сіз барда,
Болды халық куәсі талай ғажаптың.

Рух беріп, оятқансыз ұмтылысты,
Сол заманда кімдер жүріп, кім тырысты?
Ахмет ата, сіздей тұлға табылмас,
Жеткізетін соңына дейін бір істі.

Өз халқын қорғаудан еш бас тартпаған,
Атағы еңбегімен асқақтаған.
Ұлтының жанашыры болған сізге ,
Артық етпес, шынайы тартсақ қалам!

Білікті болу әркезде де ұлы арман,
Халық мұңын сіздей тұлға ұға алған.
Бүгінімде сауатсыздық болмауы
Әліпбидің арқасы сіз шығарған.

Баспасөзін қазағымның дәріптеген,
Көмкеріп, сөз өнерін әріппенен.
Мәселесін көтеріп өз елінің
Ұғындырған газетімен "Қазақ" деген.

Өз халқына бар еңбегін арнаған,
Қоғамының болашағын жалғаған.
Үлгі болған рухани ұлы көсемін
Еш уақытта ұмытпайды бар ғалам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз