Өлең, жыр, ақындар

Аймағым

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 799
Жері құт Қазақстан аймағының,
Адамы қол ұсынған айға бүгін,
Төгілткен тың алқаптан дән тасқынын
Пәрменді еңбегінің айғағымын.
Шағаннан бастап Нұра өзеніне
Жеткенше жердің терең өзегіне
Жан берген қарапайым адам қолы,
Мақтанам Отан атты өз еліме.
Жалт қарап жанарыңды салсаң қырға,
Жаныңды жетелейді өзі жырға,
Теңіздей төңкерілген тың егіні
Сарыала дариядай шомған нұрға.
Елімнің қырмызы жон қыры қандай,
Дән,— суға шашқан барлық ұрығындай,
Бидайдың піскен кезгі әр масағы
Өрілген қыр қызының бұрымындай.
Орылған, қырманда астық тау өскендей
Биіктеп аспан көкпен тілдескендей,
Елімнің қоймасына құйылғанда
Болды бір дәннен үйген тау кешкендей.
Байлығын Қазақстан даласының
Айтуға бойындағы бар асылын,—
Тіл жетпес, жетер жалғыз ел қуаты
Еңбегі билеп алған дала сырын.
Бұл жырда Лениногор алтынын да,
Болаттың Теміртауда балқуын да
Айтуға тіл жетер ме, елдің өзі
Көріп тұр төрт түліктің шалқуын да!
Тек, шалдар қарап, — өскен ел түріне
Ғажайып ұқсатады ертегіге,
Күш берген дана Ленин партиясы,—
Халқымның бүгіні мен ертеңіне.
Бүгінгі тойында зор Октябрьдің
Елмен бір сайрап мен де топта жүрмін,
Жолдарын жүрегімнен шыққан жырдың
Шабытты шаттығы мол сапқа құрдым.
Осы бір мерекелі күз ұнаған
Шаттықтың теңізіне жүзіп адам,
Кернеді аймағымның кең даласын
Төріне жиналғандай Қызыл Алаң!
Төсінде Қазақстан нұрлы елінің,
Жарқырап ордені алтын тұр Лениннің,
Осы сәт сезіндім мен тұрғандай боп
Жанында Мавзолейдің, Кремльдің!

1958



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тоңған ай

  • 0
  • 0

Қысқы түнде жалтырап
Тоңғандай бейне қалтырап...
Жымия қарап аспанда ай —
Жігітін қыз тосқандай

Толық

Украина

  • 0
  • 0

Украина ой-қырыңнан
Қуанышты ән құйылған,
Қырлығыңның құнарынан
Уызды алтын дән құйылған.

Толық

Теңізде

  • 0
  • 0

Үстім де көк, астым да,
Үстім бе, аспан астым ба?
Құшақтап жұлдыз ай сүйген
Көмейінен күн күлген,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар