Қарт қорған – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Қарт қорған» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 665
Гаграның біп-биік
Көрдің бе ескі қорғанын,
Жарына сан оқ тиіп
Шежіре боп тұрғанын?..
Кезіндегі – Бестужев
Таудағы ескі қарт қорған,
Талай майдан кешкен жұрт
Ізі осында деп тұрған...
Бір кез грек, я түрік
Оқ атып үй жарына,
Бір жығылып, бір тұрып,
Не көрмеген Гагра?!
Құмырамен су алып
Жүрген сонда сан сұлу
Өткен шығар сұрланып,
Көріп талай жаншылу...
Ертегідей ескіріп,
Ол аңыз боп дабыра...
Ертеңгілік, кешкілік
Тұр бүгін шат Гагра.
Бұрыны мен, бүгінін,
Туар күпін ертеңгі, –
Құлағына құйып үн
Теңіз жыры шертеді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері