Рица

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 672
Ғажайып бір көл екен
Кавказдағы Рица!
Кім көріксіз дер екен
Сұлулығын бір ұқса?!
Көктен құлап құйылған
Көз жасындай Қазбектің, –
Тауға сыры ұғылған
Көлді көрмес іздеп кім?
Шалмасын деп көзін күн,
Киіп толқын жасылдан,
Көз әйнегін теңіздің
Секілді тау жасырған.
Суға кетіп, я асыл
Бір мұңды ару кезі кеп,
Көл дөңгелек жап-жасыл
Қалған ба қыз кезі боп?..
Рица өзі қыз аты,
Мұнда алуан сыр жатыр,
Көл боп жеткен бізге аты,
Толқынында жыр жатыр...
Бірақ ұқсас ғажап тым, –
Көз алдымда тұрғандай,
Есік келін қазақтың
Осында әкеп қойғандай!
Кавказ шыңын өрлесең,
Көл көркейткен шат-құзды,
Рицаны көрмесең, –
Көрдім деме Кавказды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Рица өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Рица өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Рица өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Рица өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері