Өлең, жыр, ақындар

Рица

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 628
Ғажайып бір көл екен
Кавказдағы Рица!
Кім көріксіз дер екен
Сұлулығын бір ұқса?!
Көктен құлап құйылған
Көз жасындай Қазбектің, –
Тауға сыры ұғылған
Көлді көрмес іздеп кім?
Шалмасын деп көзін күн,
Киіп толқын жасылдан,
Көз әйнегін теңіздің
Секілді тау жасырған.
Суға кетіп, я асыл
Бір мұңды ару кезі кеп,
Көл дөңгелек жап-жасыл
Қалған ба қыз кезі боп?..
Рица өзі қыз аты,
Мұнда алуан сыр жатыр,
Көл боп жеткен бізге аты,
Толқынында жыр жатыр...
Бірақ ұқсас ғажап тым, –
Көз алдымда тұрғандай,
Есік келін қазақтың
Осында әкеп қойғандай!
Кавказ шыңын өрлесең,
Көл көркейткен шат-құзды,
Рицаны көрмесең, –
Көрдім деме Кавказды!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сөнбес жарық

  • 0
  • 0

Күн шықпай ма орнынан?
Таң арайлап атқанда,
Оны сөнді дер ме адам,
Көкжиекке батқанда

Толық

Шәкірт

  • 0
  • 0

– Ал, кетейікші құдай үшін?
Көк күңгірт, жер топырақ –
Көңілсіздеу жолда пішін,...
– Ей мұнда отыр, кел, шырақ.

Толық

Талмас тұлпар

  • 0
  • 0

Мұз мұнара Алатаудың
Әппақ күміс басымда;
Алтын бұлт ұйықтап тұрды,
Маужырап жартасында.

Толық

Қарап көріңіз