Алтын көз – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Алтын көз» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1000
Тепсініп толқындарды толқын қағып,
Теңселіп теңіз беті тұр толғанып,
Мартеннің қазанында балқып ағып
Қайнаған көк құрыштай бұрқыл қағып!
Толқындар жарға шашып ақ моншағын,
Күткен кез кештің күрең от құшағын, –
Ал қызыл Алматының апортындай, –
Мен көрдім, өртеніп күн батқан шағын:
Аспанның күні ақ жалын оттай шалқып,
Қып-қызыл кешкі арайға нарттай балқып,
Дөңгелек, көктің бейне, – алтын көзі
Ағып кеп көк теңізге кетті батып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері