Индиялық досқа – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Индиялық досқа» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2164
Қалыпты ол кез жадымда,
Еді осындай күн ашық.
Алматының бағында
Көп қыдырдық сырласып.
Көңілімнің көп сырын
Көздерімнен түсіндің.
Алатаудың шоқ гүлін
Алақанға ап ұсындым.
Орман,
таулар арада,
Алыс одан болсақ та.
Индияға қадала
Тұрдық қарап сол шақта.
Күйдіргендей күн кейде
Аңызақпен лапылдап.
Қалғандаймыз Бомбейге
Біз екеуміз жақындап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері