Еліктей ме ақынға – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Еліктей ме ақынға» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 793
Еліктей ме ақынға,
Еркелейді толқын көк,
Толқыннан қалар ақын ба,
Ақын да кетті толқын боп...
Дерсің,
бейне,
түсім бе, –
Ойыңды шарқ ұрғызып,
Днепрдің үстінде
Келеді ылғи жыр жүзіп...
Ағынымен көк өзен
Ақты кеме бұлқына,
Көз алдымда безенген
Тоғайлар тұр ұйқыда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері