Өлең, жыр, ақындар

Чапаевтың қылышындай

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 763
Қызыл тіл Чапаевтың қылышындай,
Жарқылдайды жауға оқталсам қыры сынбай;
Қаз-қатар командамен тізген өлең
Әскердің қызыл қыран тұрысындай.
Ақынның командирдей командысы
Берілді, төрт жолды елең колоннасы,
Сап-сап боп тізе қосып тұра қалған,
Маршпен қарыштаттым өлеңді осы.
Бұрқансам шабыттана айбаттанып,
Жатқандай өлең жолы жауға аттанып;
Жалындап ақ қағазға жарқылдайды,
Солдаттай майдандағы қайраттанып.
Жарқын жыр жарық айдың жайнасындай,
Сұлудың алтын аймақ айнасындай,
Жырласам өндірісті жер сілкінткен
Алексей Стаханов балғасындай.
Команды беріп тұрып елеңіме,
Көз тіксем аспан-көктің көлеміне,
Қанаттас айтқан қудай қиқулаған,
Таңғалтты самолеттер енеріне.
Бір төмен, бір жоғары қиқу салып,
Жарқылдап алмас қанат бұлтты жарып,
Үйіріліп қарлығаштай тік шаншылып,
Айналған шыркөбелек бірде барып.
Белгісі төсіндегі жайнап күнге,
Ұсаған қызыл жұлдыз — қызыл гүлге,
Шарықтап астаналық аспан төрін,
Сән берген қызыл тулы Кремльге.
Дирижабль қызыл туын бұлтқа шаншып,
Ұшқанда жақпар бұлтты бұзып, жаншып,
Қуанып жер де, адам да, күн де кектен
Алтынды шоқ сәулесін тұрды шашып.
Оқалы ту ұстаған қырмызыға,
Одақтық бүгін мейрам ұл-қызына,
Аспандап Алматыдан ұшқан қыран,
Асты әне Алатаудың шық-құзына.
Одақтың қызыл қант ұшқыштары,
Мұхит, тау,
— Сібір мұзын құшқыштары Чкалов,
Байдюков пен Беляковтар
Елімнің сұңқарлары — ұшқыш бәрі.
Аспанда ұшты ұшқыштар аңқылдады,
Қылыштай қанаттары жарқылдады;
Қорғауға жау оғынан туған елін,
«Дайынбыз!» — деп, сұңқарлар саңқылдады.
Тізілген көкте сұңқар самолеттей,
Тізілттім өлеңімді мен де өктей,
Құрсанып қызыл тілден шыққан елең,
Тоқтамас жау шебінен бұзып өтпей.

1936



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Орден туралы жыр

  • 0
  • 0

Қазақтың кең даласынан
Әнмен өскен бала едім;
Алтын таңның аясынан
Жаным күлген жан едім.

Толық

Алдағы өмірде

  • 0
  • 0

Бүгін жыл мың тоғыз жүз алпыс екі,
Қиырсыз алда жатыр өмір шеті.
Келеді бірден бірге қолға ұсталып,
Тас сараң табиғаттың болат кілті.

Толық

Шыңға атқан оқ

  • 0
  • 0

Күрсініп Нева толқыды,
Көк тұманын жамыла,
Соқты керней толқыны
Гранитті жарына.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар