Коррида
Толмаған-ау осынау көпке жай іші,
Атып шығып шешілгенде қайсысы,
Испан ұлты мақтан тұтар стадион,
Адам менен бұқалардың сайысы!
Қанталаған көзі оттай самғайды,
Соқыр күшті бұқаларды алдайды.
Қызыл жайма алып шыққан, жігіттер,
Бұқалардың мүйіз-көзін арбайды.
Стадион! Құлақ тостым бар шуға,
Шомылғандай терең айлы сан сырға,
Испан шықты атқа мініп найзамен,
Алапат күш, Бұқаны енді жаншуға.
Кім тоқтатар бұл бұқаның аранын,
Көріп тұр ғой, ең соңғы өмір жарығын.
Ат үстінде испан ұрды найзамен,
Бұқа ұмтылып аттың жарды қарынын!
Бұқа болса, ұмтылады долданып,
Іздерінде ойдым-ойдым жол қосты
Шықты жігіт қадау үшін бұқаға,
Енді бірде қысқа найза қолға алып.
Бұқадағы қанжар барын түсінді.
Дүлей күшпен, құйындай ұшынды.
Үлгіре алмай қалған испан жүгірді
Енді бірде мүйізімен ұшырды.
Өшпенділік ұшқындайды жанарда,
Дұшпан сынды бұқа менен адамды.
Құлағымды құтқаруға сол кезде,
Терреодардың өзі шықты алаңға.
Не болмасын, не боларын Ел біліп,
Бүкіл халық отыр енді телміріп,
Әсем киім, салтанатты жүрісі,
Испан жігіт, нағыз испан ержігіт.
Кетпейтіндей бұл ортаға текке кеп,
Дегендейін қолдан келсе көктеп өт,
Испан жігіт, қызыл жайма қолында,
Бұқа менен келді де дейсің бетпе-бет.
Бұқа менен адамдағы ой бөтен,
Дегендейін шулайды Елі: «ей, бекем»
Мүйізімен ат құлатқыш бұқаға
Мынау жігіт, түкке тұрмас дей ме екен?
Оқиғаны өзі ме әлде түс білді
Бұқаға бұл ызаланып күш кірді
Саспай Испан! Қызыл жайма алдында
Олай-бұлай қызыл бұқа мүйізі ышқынды
Кіре алмастай арасына бұтаның
Теодардың сұлуы жұқаның
Испанды енді жарып тастау ойында
Қызыл көзді мың бір пұттық бұқаның
Әлем сыйған өлең деген толы екен,
Бұл бір елдің дәстүр-салты жолы екен
Испан жігіт жүрегіне бұқаның,
Жүрегіне бұқаның,
Найза тығып үлгергені сол екен,
Ақырғы дем, сөнгендейін шырағы
Таусылғандай соңғы демі, пырағы.
Алып бұқа, тұрып-ұрып теңселіп,
Жерге қарай сылқ түсіп құлады.
Бұқаменен соғыс майдан бөліскен
Жер бетінде адамдайын ең үстем,
Ал стадион! Тұрып кетті қол соғып,
Испан жігіт! Тұрды алдында жеңіспен!...
Алақанды бата қылып жаямын,
Кім біледі бұл өмірдің баянын
Жойқын дүлей, алапатты күші бар,
Айласы жоқ, бұқаларды аядым...
Мадрид қаласы
6 Маусым 2014 жыл
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі