Кремльдің төрінде – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Кремльдің төрінде» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 952
Қызыл тулы таң атқызған
Халық аңсаған өмірге,
Жаңа жиһан жаратқызған
Кемеңгерге — Ленинге —
Арналды жыр,— жанға жатқан
Кремльдің төрінде,
Жүрегі оның бірге соққан
Біздің нұрлы өмірде.
Жатқан жері мавзолейдің
Мраморлы бөлмесі,
Қимылында біздің елдің
Оның ұлы бейнесі.
Ол туғанда ала туған
Бостандықтың ұранын,
Сәулесі оның серпе қуған
Қараңғы өмір тұманын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері