Өлең, жыр, ақындар

Жер астындағы майдан

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 917
Қара түнде шахты шамын,
Шахтыға енер нақты шамын
Қолына ұстап, қайланы ұштап,
Шахтерлер кеп жақты шамын
— Көр!—деп,— елім, кеніңді.
Жауға қарсы бүкіл Отан,
Салып аттан шықты қатаң,
Ел қорғауға ер майданға
Аттанғанда, қалай жатам?—
Қорғасамыз өмірді!
Жеті қабат жердің асты,
Бұрғыланып бар пласты,
Қарағанды шахтасында
Еңбектен ер майдан ашты,
Тау-тау көмір төгілді.
Штректе күш тұтасып,
Вагонетка көмір тасып,
Әрбір күрек атқан көмір
Мерт қылғандай жауды басып,
Бомбыдайын көрінді.
Шахтадан тік темір жолға
Көмір барып вагондарға,
Қас қаққанша стакаттан
Тиелді әне мың-мың тонна,
Жауға әзірлеп елімді.
Ал көмірді, тарт, паровоз,
Жауға оқ етіп ат, паровоз!
Бронепоезд әскеріне
Тез жеткізу шарт, паровоз,—
Ал дұшпаннан кегіңді!
Паровозды, жас машинист,
Самғап алға бас, машинист!
Фашистердің ажалы үшін
Майданда оқ аш, машинист!
Тазарт жаудан жерінді!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Киемін сұр шинельді

  • 0
  • 0

Маған мәлім, жолдас Марат!—
Сенің туған жылдарың,
Ерлігіңе болғандай шарт
Шырқалған жырларым.

Толық

Қазақ даңқы

  • 0
  • 0

Есімде жабырқаңқы бала кезім,
Әлі де оянбаған бойда сезім.
Қаққанда елге дабыл Ұлы Октябрь,
Халқыммен бірге оянып ашқан көзім.

Толық

Достық дәні

  • 0
  • 0

Айдыны аспан сүйген Ақ Жайықтың
Жайнаған жасыл тоғай жан-жағы ықтын,
Ақтарып ақ бидайдың атырабын
Толықсып тұр тамаша ғажайып күн.

Толық

Қарап көріңіз