Мыс құямыз тамағына – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Мыс құямыз тамағына» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 659
Батпан қолды ерлер күшті,
Құрып құрыш құрылысты,
Көл Балқаштай көлкітті, әне,
Жауға ажал ғып, қызыл мысты.
Мыс оқ болып Қоңыраттан
Пәрменімен тау құлатқан,—
Фашизмнің төбесінен
Түсті атылып снарядтан.
Жауды жеңіп жапырарда,
Бассын қызыл батыр алға:
Құрыш мысты үсті-үстіне
Жалғалық біз патронға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері