Ақ мақта – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Ақ мақта» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 947
Ақ мамық даламда өскен мақтам қандай,
Аймағым ақ күміске қақталғандай,
Мамықтай мақта терген Мақпал жеңгей
Гүл атқан еңбегіне мақтанғандай.
Аяусыз еткен еңбек ақталғандай,
Жер ана ақ күмісін ақтарғандай,
Оранып ақ мақтаның мамығына
Кең далам күлім қағып шаттанғандай.
Қарасаң ақ мақталы дала қандай,
Айдын көл бетіндегі шағаладай,
Мақта еккен Мақпал жеңгей алаңына
Мақтана мыңдаған көз қарағандай.

1949


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері