Өлең, жыр, ақындар

Жолдар

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 624
Жолдар, жолдар мені туған елімнен
Айырдың сен, қалды алыс басқан із.
Жетер енді, ұзақ қонақ болдым мен,
Қазір үйге қайта апарып тастаңыз.
Мен сағындым қырларымды күн сүйген,
Орман, тоғай,
өз көпірім бастарын,
Мен сағындым үзіліп сүйген жарымды,
Қыпша белді, сені қиғаш қастарым.
Мен кеткенде жаңбырлы еді күн түрі,
Мойып артта қалды қарап сырласым.
Мөлдір шыққа жуды оның кірпігін
Жаңбыр түгіл, тамған мұңды көз жасы.
Шеттерсің де, шет кеткен шақ еліңнен,
Жарты жаның қалса үзіліп артыңда.
Жарайды әлі, айнымаған сүюден,
Тұр жүректе құрыш төзім қалпында.
Жолдар, жолдар, бәрін, қату бір бетті,
Соншалықты болдың қатал аямас,
Айтыңызшы, үстеріңнен кім өтті,
О басында алдыңыздар қайдан бас?
Мен сықылды қаншама жас жігіттің,
Қайда тұңғыш қадамы алғаш басталды?
Кімді осылай дертін сеуіп үміттің,
Бұл жол алыс жерге апарып тастады?
Білем, дерті эсер етер бейуақтың,
Жас шағымыз қосса солай біздерге,
Сізді, жолдар, ізгі түгіл аяқтың
Жүректің шын жыры салған бұл жерге.
Қиырларға барсақ та алыс қайдағы
Шайқаста айқын біздің күштің жеңуі,
Осы жолмен қайта алып қайтады
Туған елге біздің жүрек сенімі.
Жолдар, жолдар, мені туған елімнен
Айырдың сен, қалды алыс басқан із,
Сан сағыныш, отты жаңа елеңмен
Сүйгеніме қайта апарып тастаңыз.

Октябрь, 1943



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мақаш қала

  • 0
  • 0

Поезбенен біз өткенде
Дағыстанның жерінен,
Күміс Каспий құшақ жайды
Мақашқала өрінен.

Толық

Салқын түнде

  • 0
  • 0

Мен тыста солқылдаған кроватта
Жатырмын салқын түнде жұлдыз санап...
Жылтылдап мың құбылып бір минутта
Жұлдыздар жымыңдасад мені қарап.

Толық

Қара теңіз

  • 0
  • 0

Қара теңіз көсіліп
Жатса, көлбеп алдында,
Төбеңнен тік тесіліп
Қарайды екен тау мұнда.

Толық

Қарап көріңіз