Сүйгеніме – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Сүйгеніме» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 916
Көп жылдар сүйдім сені қара кезім,
Таңдаулы гүлді сыйлап бердің езің,
Дегенің:
«Алыс кетсең еске ала жүр!»
Сақтаулы жүрегімде осы сөзің.
Қабыл ал,
Сүюдің бұл белгісі бір,
Жүректен белгісі оның жазылған жыр...
Ұмыта көрме өлсем ақыныңды,
Бұл саған сүйгендіктен айтылған сыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері